27–29 қазан аралығында Ташкент қаласында Орталық Азия мен Әзербайжанның жас көшбасшыларының халықаралық форумы өтті.
Қазақстан Республикасының делегациясы құрамында Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы, майор Ахметалин Бауржан Нұрланұлы қатысты.
Форум аясында жас көшбасшылар Өзбекстан Республикасы Сенатының Төрайымы Т. Нарбаевамен кездесті. Сондай-ақ Заң шығару палатасына, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, Туризм комитетіне, IT Park орталығына барып, Бұхара қаласының өнеркәсіптік әлеуетімен танысты.
Айта кету керек, Ахметалин Бауржан конкурстық іріктеуден өтіп, Орталық Азияның жас көшбасшылары қатарына енді. Халықаралық ынтымақтастық аясында ол Төтенше жағдайлар министрлігінің атынан халықаралық деңгейде лайықты өнер көрсетіп, жоғары кәсібилігін танытты.









