Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 29-қазаннаң бастап Салықтық әкімшілендіру интеграцияланған жүйесінің Салық төлеушінің жаңа кабинетінде (СӘИЖ СТК) 000.10.01 – «Мұнай және (немесе) газ конденсаты экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік, 000.10.02 – «Тауарлар экспорты» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік, 000.10.03 – «Орындалған жұмыстардан және (немесе) көрсетілген қызметтерден түсетін кірістер бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік, 000.10.04 – «Берілген қарыздар бойынша халықаралық іскерлік операциялар» мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары жаңа нұсқалары бар екенін хабарлайды.
СӘИЖ Салық төлеушінің жаңа кабинетіне кіру үшін https://knp.kgd.gov.kz сілтеме арқылы өтуге болады.
Сұрақтар туындаған жағдайда сіз [email protected] электронды мекен-жайы арқылы қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Анықтама үшін: Мәмілелер мониторингі бойынша есептілік нысандары Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 176 «Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген Қағидаларға қосымшаларда келтірілген. Оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелер тиісті есептілік нысандарына қосымшаларда берілген.
Назар аударыңыз! Салық төлеушінің ескі кабинетінде және СЕӨС АЖ-де 000.10.01, 000.10.02, 000.10.03, 000.10.04 ЕН қол жетімді емес.








