Алматыда Түркияның Ұлттық мерекесі аталып өтті

    1 / 5

    Алматы, 2026 жылғы 29 қазан - ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркияның Бас консулдығы ұйымдастырған салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Түркия арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары