Қазақстан мен Франция бірлескен ынтымақтастықты талқылады

    1 / 5

    Алматы, 2026 жылғы 2 қазан - ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Business France агенттігінің және Францияның Алматы қаласындағы Бас консулдығының өкілдерімен кездесті. Кездесу Алматыда Business France өңірлік кеңсесінің ашылуына орай өтті. Кездесу барысында агенттіктің қызметі таныстырылып, тараптар үшін басым бағыттар бойынша қазақ-француз ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің перспективалары талқыланды. Атап айтқанда, француз компаниялары мен технологияларын Қазақстан нарығына тарту, екі елдің инвестициялық мүмкіндіктерін ілгерілету, бизнес-миссиялар мен B2B кездесулерді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы ретте Қазақстанның Орталық Азиядағы қызмет аясын кеңейтуге мүдделі француз бизнесі үшін өңірлік алаң ретіндегі әлеуеті атап өтілді. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жаңа инвестициялық жобаларды, технологиялық әріптестіктер мен іскерлік байланыстарды ілгерілету мақсатында Business France, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі және бейінді институттар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға уағдаласты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары