«Герман бірлігі күніне» орай қабылдау

    1 / 4

    Алматы, 2026 жылғы 2 қазан - ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысының орынбасары Рашид Еришев Германия Федеративтік Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған «Герман бірлігі күніне» арналған салтанатты қабылдауыға қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде Р. Еришев Қазақстан мен Германия арасындағы жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарды атап өтіп, саяси диалогтың белсенді дамуын, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың нығаюын, сондай-ақ сауда-экономикалық пен инвестициялық байланыстардың маңыздылығын атап өтті. Сөз соңында дипломат Қазақстан мен Германия арасындағы достық және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі тереңдей түсетініне сенім білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары