Алматыда ЮНЕСКО қамқорлығымен халықаралық жастар фестивалі өтті

    1 / 4

    Алматы, 2026 жылғы 12 қазан – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы, Жәнібек Әбдрашов, ЮНЕСКО қамқорлығымен өтетін «THE PLANET OF ART – 2026» халықаралық жастар фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысып, сөз сөйледі.

    Фестиваль «ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасын сақтаудағы және ілгерілетудегі әйелдердің рөлі» тақырыбында өтті және ЮНЕСКО-ның 80 жылдығына, сондай-ақ ЮНЕСКО клубтары мен қауымдастықтарының дүниежүзілік федерациясының 45 жылдығына орайластырылды.

    Өз сөзінде Елші фестивальдің халықаралық мәдени диалогты дамытуға, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдауға және материалдық емес мәдени мұраны сақтауға қосқан үлесін атап өтті.

    Іс-шара Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "ҚР Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігі" жаңалықтары