Республика күні қарсаңында Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері Әдебиет және өнер мұражайыға саяхат жасады.
Мұражай экспонаттары ұлттық мәдениетті, этнографиялық байырғы құндылықтарды, әдеби және мәдени өмірді сипаттайды.
Шара барысында олар Қожа Ахмет Ясауидің «Диуани хикмет» кітабымен, Ақан серінің адалбақанымен, оның сүйікті Ақтоқтаның «Зингер» тігін машинасымен және айнасымен танысты.
Сондай-ақ қазақ ақындары мен әншілердің олардың ішінде Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ, Сәкен Жүнісов және басқа да Көкше жерінің өнер қайраткерлерінің жеке заттарын және қолжазбаларын көрді.
Шараға қатысқан салық қызметінің ардагері Әндеш Құрманбаев мұражайдағы экспонаттар мен жәдігерлер қазақ халқының ұлттық мәдениетін, этнографиялық құндылықтарын және өзіндік болмысын көрсететінін атап өтті.









