Камералдық бақылау жүргізу тәртібі

    1 / 2

    🔎 Камералдық бақылау салықтық есептілік пен ақпараттық жүйелер деректерін талдау негізінде жүргізіледі.
    📅 Камералдық бақылау аяқталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде салық төлеушіге камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама жіберіледі.

    🔍 1. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ:
    📊 Салықтық есептілік деректері талданады;
    💻 Мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, мемлекеттік органдардан және басқа көздерден алынған мәліметтер салыстырылады;
    🔎 Сәйкессіздіктер анықталады;
    📩 Сәйкессіздіктер туралы хабарлама қалыптастырылады.

    📬 2. ХАБАРЛАМАНЫ АЛУ (82, 137-БАПТАРҒА СӘЙКЕС):
    ✅ Хабарламада анықталған сәйкессіздіктердің сипаттамасы мен салықтық кезең көрсетіледі;
    📅 Бақылау аяқталған күннен кейінгі 30 жұмыс күні ішінде жолданады;
    📝 Сәйкессіздіктерді өз бетінше жою немесе түсініктеме беру қажет.
    ⏰ Хабарламаны орындау мерзімі – хабарламаны алған күннен кейінгі 30 жұмыс күні.

    📝 3. САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ ӘРЕКЕТТЕРІ.
    ✅ 1. Сәйкессіздіктермен келіссе:
    Анықталған сәйкессіздіктерді жояды (хабарлама бойынша нақтыланған салықтық есептілікті ұсынады);
    ❌ 2. Сәйкессіздіктермен келіспесе:
    Негіздемесі және растайтын құжаттары бар дәлелді түсініктеме ұсынады.
    🔄 3. Ішінара келіссе:
    Келіскен бөлігіндегі сәйкессіздіктерді жояды, ал қалған бөлігі бойынша түсініктеме ұсынады.
    📄 Түсініктемеде мынадай мәліметтер қамтылуы тиіс:
    📌 Хабарламаның деректемелері.
    🔢 Хабарламаның нөмірі мен күні.
    📝 Келіспеу себептері.
    📂 Тиісті негіздеме.

    ⚠️ 4. ХАБАРЛАМАНЫ ОРЫНДАМАУ

    Хабарлама орындалмаған жағдайда мынадай шаралар көзделген:
    🏦 Банк шоттары бойынша шығыс операциялары 1 жұмыс күні ішінде тоқтатылады;
    🚫 Электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру тоқтатылады.

    💡 МАҢЫЗДЫ БІЛУ КЕРЕК!

    ✅ Камералдық бақылау – салықтық тексеру емес;
    ✅ Хабарлама – салықтық міндеттемелерді өз еркімен орындау мүмкіндігі;
    ✅ Анықталған сәйкессіздіктер негізделген жағдайда салықтық тексеру жүргізілмеуі мүмкін.

    📚 НОРМАТИВТІК НЕГІЗ

    📘 ҚР Салық кодексінің 82-бабы – хабарлама.
    📘 ҚР Салық кодексінің 136-бабы – камералдық бақылау.
    📘 ҚР Салық кодексінің 137-бабы – камералдық бақылауды жүргізу тәртібі және нәтижелері.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары