📢 Қарағанды облысы бойынша МКД хабарлайды: мемлекеттік бажды қайтару тәртібі
💰 Қазақстан Республикасының бюджетіне төленген мемлекеттік баж салық заңнамасында көзделген жағдайларда және белгіленген тәртіппен қайтарылады.
⚖️ Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 120–122-баптарына сәйкес мемлекеттік бажды қайтару заңнамада белгіленген негіздер болған кезде төлеушінің салықтық өтініші және тиісті растаушы құжаттар негізінде жүзеге асырылады.
❗️ Назар аударыңыздар! «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы өтініш жолдау мемлекеттік бажды қайтаруға арналған салықтық өтінішті белгіленген тәртіппен беруді алмастырмайды. Қайтаруды жүзеге асыру үшін салықтық өтінішті белгіленген тәртіппен ұсыну қажет.
🔎 Мемлекеттік баж қандай жағдайларда қайтарылады?
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 120-бабына сәйкес мемлекеттік бажды қайтару Кодексте көзделген негіздер болған жағдайда, оның ішінде мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
🔹 Артық төленген жағдайда — мемлекеттік баж заңнамада белгіленген мөлшерден артық төленсе.
🔹 Істі төрелікке беру кезінде — салық заңнамасында көзделген жағдайларда.
🔹 Татуласу келісімі жасалған кезде — тараптар татуласу келісімін немесе дауды реттеу туралы келісімді жасасып, Кодексте белгіленген қайтару шарттары сақталса.
🔹 Талап қою, өтініш немесе шағым қайтарылған кезде — талап қою, өтініш немесе шағым қайтарылса не оларды қабылдаудан бас тартылса.
🔹 Іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған кезде — сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда талап қою қараусыз қалдырылса.
🔹 Нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартылған кезде — нотариус немесе өзге де уәкілетті тұлға тиісті нотариаттық әрекетті жасаудан бас тартса.
🔹 Заңдық маңызы бар әрекетті жасаудан немесе құжатты алудан бас тартылған кезде — егер төлеуші уәкілетті органға жүгінгенге дейін мұндай әрекетті жасаудан немесе құжатты алудан бас тартса және заңнамада мемлекеттік бажды қайтару көзделсе.
🔹 Өзге де жағдайларда — Қазақстан Республикасының заңнамасында тікелей көзделген негіздер бойынша.
📅 Мемлекеттік бажды қайтару үшін қандай мерзімде өтініш беруге болады?
Артық төленген мемлекеттік баж сомасы қажетті құжаттар мемлекеттік баж бюджетке төленген күннен бастап үш жыл ішінде ұсынылған жағдайда қайтарылады.
📝 Қайтару туралы өтінішті қайда және қалай беру қажет?
Мемлекеттік бажды қайтару үшін төлеушіге:
✅ Мемлекеттік бажды қайтаруға арналған салықтық өтінішті дайындау;
✅ Қайтаруға негіз болатын мән-жайларды растайтын құжаттарды қоса беру;
✅ Салықтық өтінішті растаушы құжаттармен бірге мемлекеттік баж төленген жердегі мемлекеттік кірістер органына жолдау қажет.
📲 Салықтық өтінішті электрондық түрде беру ҚР ҚМ МКК-нің СӘИЖ жаңа Салық төлеуші кабинеті арқылы https://knp.kgd.gov.kz сілтемесі бойынша, egov.kz порталы немесе «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы арқылы («Салық әмияны» бөлімі) беруге болады. Сондай-ақ өтінішті мемлекеттік баж төленген жердегі Мемлекеттік кірістер басқармасына қағаз түрінде жеке тапсыруға болады.
❗️ Мемлекеттік бажды қайтару үшін салықтық өтінішті беру тәртібін сақтау және қайтару құқығын растайтын құжаттарды ұсыну қажет екенін еске саламыз.
📌 Қарағанды облысы бойынша МКД мемлекеттік бажды қайтару негіздерін мұқият тексеруді, белгіленген мерзімдерді сақтауды және салықтық өтінішті заңнамада көзделген тәсілдермен беруді ұсынады.









