ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АШЫҚТЫҚ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ СЕРІКТЕСТІКТІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    📜 Республикалық референдумда қабылданып, күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын жаңғыртудың берік негізін қалады.

    Негізгі заңдағы жаңарулардың қаржы-экономикалық сала, оның ішінде мемлекеттік кірістер органдарының қызметі үшін де маңызы зор.

    Жаңа Конституция азаматтар, бизнес және мемлекет арасындағы мүдделер теңгерімін жаңа деңгейде айқындап, салықтық және кедендік әкімшілендіруді сервистік қызмет көрсету мен өзара серіктестік қағидаттарына негіздеуге бағыт береді.

    🔹 1. Конституциялық міндет және қоғамдық келісім

    Жаңа Конституцияда заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдар мен өзге де міндетті төлемдерді төлеу әрбір адамның міндеті екендігі сақталған.

    💰 Салықтық тәртіп – мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға қосылған тікелей үлес. Салық түсімдері білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың негізі болып табылады.

    🔹 2. Жеке меншікті және кәсіпкерлік еркіндігін қорғау

    🤝 Жаңа Конституция жеке меншікке, кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне және адал бәсекелестікке кепілдіктерді күшейтеді.

    Осыған байланысты мемлекеттік кірістер органдарының басты бағыттарының бірі – бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені одан әрі төмендету, цифрлық экожүйелерді дамыту және заңды кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуға жол бермеу.

    💻 Виртуалды қойма, тауарларды қадағалау, тәуекелдерді автоматтандырылған басқару жүйелері сияқты цифрлық құралдарды енгізу салықтық және кедендік әкімшілендіруді тиімді әрі ашық етуге мүмкіндік береді.

    🔹 3. Цифрлық құқықтар және деректердің қауіпсіздігі

    🔐 Конституциялық деңгейде азаматтар мен бизнестің дербес деректерін және цифрлық коммуникацияларын қорғауға ерекше мән беріледі.

    Мемлекеттік кірістер органдары салық құпиясының сақталуын, электрондық дерекқорлардың қауіпсіздігін және салық төлеушілермен цифрлық өзара іс-қимыл арналарының қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жалғастырады.

    🔹 4. Көлеңкелі экономикамен күрес – ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы

    🛡️ Қаржылық егемендікті қорғау, капиталдың заңсыз әкетілуіне, контрабандаға және көлеңкелі айналымға қарсы іс-қимыл – мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды бағыттарының бірі.

    Мемлекеттік кірістер органдары адал кәсіпкерлер үшін тең және әділ бәсекелестік жағдайларын қалыптастыру, сондай-ақ заңсыз схемалардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырады.

    Жаңа Конституция – Қазақстанның дамуындағы жаңа кезеңнің негізі.

    Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті үшін бұл – барынша ашықтықты қамтамасыз ету, салық төлеушілердің құқықтарын мүлтіксіз сақтау және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған нақты бағдар.

    ⚖️ Заң мен тәртіп – әрбір азаматтың әл-ауқаты мен елдің экономикалық тұрақтылығының берік негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары