Е-Өтініш және мемлекеттік қызметтер: салық төлеушілерге маңызды ақпарат

    Құрметті салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар!

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 69-бабының 3-бөлігіне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша келіп түскен өтініштер «Электрондық өтініштер» ақпараттық-талдамалық жүйесінде есепке алынуға жатпайтынын назарларыңызға саламыз.

    📌 Осыған байланысты «Е-Өтініш» платформасы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша берілген өтініштер, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген өтініштерді қоспағанда, есепке алынбайды және қаралмайды.

    💻 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде қалай алуға болады?

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық түрде алу тек мынадай ақпараттық ресурстар арқылы жүзеге асырылады:

    🔹 «Электрондық үкімет» порталының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» сервисі — egov.kz;

    🔹 мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелері:

    • Салық төлеушінің кабинеті;

    • «Кеден»;

    • «Астана-1»;

    • мемлекеттік кірістер органдарының басқа да электрондық сервистері.

    📌 Назар аударыңыздар! Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу қажет болған жағдайда, сұрауыңыздың тиісті түрде жолдануын және өңделуін қамтамасыз ету үшін осы мақсатқа арналған электрондық сервистерді пайдалануларыңызды сұраймыз.

    🤝 Салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан мемлекеттік кірістер органдарына жүгінген кезде осы ақпаратты ескеруді сұраймыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары