2026 жылғы 24–25 қараша күндері К. Салықов атындағы орта мектебінде 5–6 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиаданың аудандық кезеңі өткізілді.24 қараша 5 сыныптың 85 оқушысы қатысса, 25 қараша 6 сыныптың 86 оқушысы өз білімдерін сынады.
Олимпиада төмендегі пәндер бойынша өткізілді:
- Жаратылыстану;
- Математика;
- Қазақ тілі мен әдебиеті;
- Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;
- Қазақстан тарихы;
- Ағылшын тілі;
- Орыс тілі мен әдебиеті;
- Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі.
Әр пән бойынша олимпиадалық тапсырмалар 30 тест сұрағынан құралды. Қатысушылар өздерінің білім деңгейін, пәнге деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеті мен білімдерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын көрсетуге мүмкіндік алды.
Жалпы екі күнде аудан бойынша 171 оқушы білім додасына қатысып, өзара бақ сынады.Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Осындай білім сайыстары оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке және білімге деген құштарлыққа жетелейді.
Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









