Отбасылық құндылықтар – болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі

    23 қараша күні Есім Шайкин атындағы мектеп-лицейінде Шал ақын ауданының білім бөлімінің қолдауымен облыстық Аналар алқасының кеңейтілген отырысы өтті.

    Іс-шараға облыс орталығы мен Солтүстік Қазақстан облысының аудандарынан Аналар алқасының төрайымдары, қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, белсенді азаматтар және ардақты аға буын өкілдері қатысты.Кездесуде отбасындағы тәрбие, ананың қоғамдағы рөлі, ұлттық құндылықтарды сақтау, оқу мәдениетін қалыптастыру және жас ұрпақты адамгершілік-рухани дәстүрлер негізінде тәрбиелеу мәселелері талқыланды.Жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Набиев Н.А. құттықтау сөз сөйлеп, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Аудандық Аналар алқасының төрайымы Билялова Н.Ж. күн тәртібімен таныстырып, баланың тұлға болып қалыптасуындағы ананың өнегелі үлгісінің ерекше рөлін атап өтті.Кездесу барысында қатысушылар отбасылық дәстүрлерді нығайту бағытындағы тәжірибелерімен және пайдалы ұсыныстарымен бөлісті. Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Сәкенова Баян Серікқызы отбасылық кітап оқудың балалардың дүниетанымы мен ойлау қабілетін дамытудағы маңызы туралы баяндады. Пришим ауылдық округі Аналар алқасының төрайымы Өзбекова Қамшат Төлегенқызы өнегелі отбасының негізгі қағидалары мен ұлттық құндылықтарды сақтаудың маңыздылығын сөз етті.«Жеңгелер» клубының қызметіне, отбасындағы татулықты нығайтуға, ұрпақтар арасындағы сыйластыққа және жас отбасыларға қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аютас ауылдық округі Аналар алқасының төрайымы Сарсекеева Жанна Мансуровна осы бағыттағы тәжірибесімен бөлісті.Тәрбие үдерісіндегі үнемшілдіктің маңызы да назардан тыс қалмады. Аудандық Аналар алқасының мүшесі Шаймерденова И.А. суды, электр энергиясын және азық-түлікті тиімді пайдаланудың балалар бойында жауапкершілік пен саналы көзқарасты қалыптастыратынын атап өтті.Іс-шараның мазмұнын сәндік-қолданбалы өнер көрмесі толықтырды. Аналар алқасының белсенді мүшесі, қолөнер шебері Балымова А.Қ. ұйымдастырған көрмеде аналар мен оқушылардың қолынан шыққан әсем бұйымдар ұсынылды. Қатысушылар дәстүрлі қолөнерді сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.Жиын соңында облыстық Аналар алқасының төрайымы Саттарова Ж.С. белсенді аналарды құттықтап, қоғамдық жұмыстарға қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.Осындай кездесулер отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және жауапты ата-ана мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Өйткені отбасында құрмет, мейірімділік, еңбекқорлық және туған жерге деген сүйіспеншілік сияқты асыл қасиеттердің негізі қаланады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары