2026 жылғы 13 қарашада «Е.А. Бөкетов атындағы мектеп-гимназияс» КММ базасында 3–4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасы өтті.
Олимпиада бастауыш сынып оқушыларының өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін, тапқырлығы мен зияткерлік әлеуетін көрсетуіне тамаша мүмкіндік болды.
Олимпиада қорытындысы бойынша оқушылар төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
3-сынып оқушылары арасында:1-3 орындар иеленді;
4 оқушы грамотаға ие болды.
4-сынып оқушылары арасында:
3 оқушы грамотаға ие болды.
Олимпиаданың барлық қатысушылары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстарға, жаңа жетістіктерге жетіп, білімге деген құштарлықтарыңыз арта берсін!
Әрбір жеңіс жаңа белестерге бастар қадам болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









