«Ғылым бастауларында...»-2026 – үлкен жеңістерге бастар қадам!

    «М. Ахметбеков атындағы орта мектеп» КММ базасында 7–9 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Ғылым бастауларында...» аудандық командалық олимпиадасы жоғары деңгейде өткізілді!
    Зияткерлік сайыс ауданымыздың ең білімді, ізденімпаз әрі мақсатшыл оқушыларын біріктірді. Олимпиадаға аудан бойынша барлығы *46 оқушы* қатысты.
    Жас зерттеушілер екі кезеңнен тұратын тартысты сайыста өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және командалық бірліктерін көрсетті. Олимпиада жеке тестілеу және жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша (математика, физика, химия, биология, география және информатика) практикалық кезеңнен тұрды.
    Барлық қатысушыларды осы маңызды жетістіктерімен құттықтаймыз! Қол жеткізген табыстарыңызбен шектелмей, жаңа белестерді бағындырып, функционалдық сауаттылықтарыңызды дамытып, алдағы уақытта да биік жетістіктерге жете беріңіздер!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы"коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Шал ақын ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары