Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 игі іс

    1 / 2

    2026 жылғы 13 қарашада «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде облыстық қадағалау органының бастамасымен және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен кезекті ауқымды «Заң мен тәртіп үшін бизнестен 100 қайырымды іс» акциясы өткізілді.

    Атап айтқанда, Қызылжар ауданында «Зенченко и К» КС өз қаражаты есебінен Новоалександровка ауылында балалар ойын алаңының құрылысын аяқтады.

    Уәлиханов ауданында «Пана» шаруа қожалығының басшысы А.Қ. Асқаров пен «Айбын» шаруа қожалығының басшысы Н.Н. Айкешов «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен салынған «Болашақ - Арена» дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне сыртқы маңдайша сатып алуға демеушілік көмек көрсетті.

    Жүргізілген жұмыс елді мекенді дамытуға, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруда мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын нығайтуға бағытталған.

    Шаралар бизнестің әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын нығайтуға, мемлекет пен кәсіпкерлік қоғамдастықтың серіктестігін дамытуға, сондай-ақ қоғамда өзара көмек пен заңға бағыну мәдениетін қалыптастыруға арналған.

    Көрсетілген форматтағы жұмыс жалғасады.

    ПрокуратураСолтүстік Қазақстан облысы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары