«Құқықтық дәріхана»: азаматтардың құқықтарын қорғаудағы нақты көмек

    1 / 4

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы халыққа заң көмегінің қолжетімділігін арттыруға және азаматтардың проблемалық мәселелерін жедел шешуге бағытталған «Құқықтық дәріхана» апталық акциясын өткізуді жалғастыруда.

    Акцияның негізгі мақсаты – тек құқықтық кеңес беру ғана емес, азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге нақты жәрдем көрсету. Әрбір азамат акция аясында білікті заң көмегін тікелей сол жерде алуға, өзін толғандырған мәселе бойынша жүгінуге және оны шешудің заңда көзделген жолдары туралы білуге мүмкіндік алады.

    Әлеуметтік қорғау, еңбек және тұрғын үй құқықтары, жер қатынастары, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мәселелеріне ерекше назар аударылады.

    Акцияның нәтижелілігін көрсететін нақты мысалдардың бірі – біржолғы жәрдемақыны тағайындау және төлеу бойынша заңсыз бас тартуға тап болған азаматтың өтініші.

    Акция барысында азаматтың өтініші қабылданып, қалыптасқан жағдай прокуратураның бақылауына алынды. Мәселенің мән-жайын анықтау және өз құзыреті шегінде қажетті шаралар қабылдау ұйымдастырылды.

    Қабылданған шаралардың нәтижесінде азаматтың бұзылған құқығы қалпына келтіріліп, біржолғы жәрдемақы толық көлемде төленді.

    Мұндай нәтижелер «Құқықтық дәріхана» акциясының практикалық маңыздылығын және оның азаматтардың нақты өмірлік мәселелерін шешуге бағытталғанын айқын көрсетеді.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын қорғау және заңдылықты қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

    «Құқықтық дәріхана» – бұл тек заңгерлік кеңес алу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар өз құқықтарын қалпына келтіруге нақты көмек алу мүмкіндігі.

    Жалпы, акция барысында102 азамат қабылданды.Ағымдағы жылдың басынан бері облыс прокуратурасы өткізген акциялары аясында4 000-ға жуық азаматқабылданды.

    Облыс прокуратурасы тұрғындарды алдағы уақытта да «Құқықтық дәріхана» акциясы аясында білікті құқықтық көмек алу мүмкіндігін пайдалануға шақырадыәр сейсенбі сайынПетропавл қаласындағы«Рахмет» сауда үйінде, сондай-ақ облыстың аудан орталықтарында(сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және басқа да орындарда)өткізіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары