Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары заңнаманы түсіндіру бойынша тікелей эфир өткізді

    «Заң мен Тәртіп» Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2026 жылғы 19 қарашада облыстың қадағалау органының Instagram платформасында азаматтық, әкімшілік және атқарушы заңнама саласындағы мәселелерге арналған тікелей эфир өтті.

    «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2026 жылғы 19 қарашада облыс прокуратурасының @prokuraturasko ресми Instagram парақшасында «Азаматтардың құқықтарын қорғау: азаматтық, әкімшілік іс жүргізу, соттармен әкімшілік құқық бұзушылықтар және атқарушылық өндіріс туралы істерді қараудың өзекті мәселелері» тақырыбында тікелей эфир өтті.

    Тікелей эфир барысында облыс прокуратурасының қызметкерлері азаматтық істер бойынша прокурордың қатысуы туралы өзекті және пайдаланушыларды толғандыратын сұрақтарға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша апелляциялық өтінішхат келтіру мерзімдеріне, алименттерді өндіріп алу туралы атқарушылық іс жүргізулерге, борышкерлерді қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа тарту негіздеріне және т. б. сұрақтарға жауап беруге тырысты.

    Сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар (көрсетілім процестер, уақытша ұстау изоляторына экскурсиялар және т.б.) туралы жеткізілді.

    Облыс прокуратурасы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту және азаматтардың құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.

    Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы" жаңалықтары