АРМАННАН – ЖЕКЕ КӘСІПКЕ

    1 / 6

    Сүйікті ісін кәсіпке айналдырып, еңбегінің жемісін көріп отырған жандардың жетістігі – қоғам үшін қашанда үлгі. Осындай өз ісін дөңгелетіп, кәсіпкерлік саласында алғашқы қадамын нық басқан азаматтардың бірі – Шалқар ауданының тұрғыны Избаева Айгүл Кенжегариевна.

    Ол 2025 жылдың қыркүйек айында Мансап орталығы арқылы мемлекеттік қайтарымсыз грант иеленіп, көптен бергі арманын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Берілген қолдауды тиімді пайдалана білген Айгүл Кенжегариевна жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзінің тігін дүкенін ашты. Бүгінде кәсібін дөңгелетіп, тұтынушыларға өз қолымен жасаған сапалы өнімдерін ұсынып келеді.

    Шебер жанның қолынан шыққан бұйымдардың түрі сан алуан. Дүкен сөрелерінен қолөнер туындыларын, жұмсақ ойыншықтарды, сәнді сөмкелерді, балаларға арналған төсек-жабдықтарын және күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі тігін бұйымдарын табуға болады. Әр өнімнің артында шебердің маңдай тері, ізденісі мен шығармашылық қабілеті жатыр.

    Кәсіпкер қол жеткізген жетістігімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта кәсібінің ауқымын кеңейтіп, тұтынушылар сұранысына сай жаңа өнімдер шығаруды көздейді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары