Грант арманындағы кәсібін ашуға көмектесті

    1 / 4

    Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәсіпкерлікті қолдаудың, халықтың табысын арттырудың және жаңа жұмыс орындарын ашудың маңыздылығын атап өтті. Осы бағыттағы тиімді тетіктердің бірі – жаңа кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру.

    Бұл мүмкіндікті тиімді пайдаланған жандардың бірі – Хромтау ауданының тұрғыны Мөлдір Ыдырысқызы. 2025 жылдың маусым айында ол өз кәсібін дамыту үшін 1 572 800 теңге көлемінде мемлекеттік грант иеленді. Кәсіпкер балаларға арналған массаж қызметін ашып, қажетті құрал-жабдықтарды сатып алып, жұмыс орнын жабдықтады. Бүгінде ол балаларға массаж, электрофорез және гидрованна қызметтерін көрсетеді.

    Мемлекеттік грант – кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың маңызды тетігі. Ол азаматтарға өз ісін ашуға және тұрақты табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары