«KAZGUU School Qst» мектебінде өрт кезіндегі іс-қимыл және балаларды эвакуациялау дағдылары пысықталды.
Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «KAZGUU School Qst» ЖШС қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл тәртібі бойынша теориялық және практикалық сабақтар өткізді.
Сабақ барысында қатысушыларға өрт сөндірудің бастапқы құралдарын пайдалану ережелері, сондай-ақ білім беру ұйымындағы балалар мен қызметкерлерді эвакуациялауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі түсіндірілді.
Өрт немесе өзге де төтенше жағдай туындаған кезде жедел әрі сауатты әрекет етуге қажетті практикалық дағдыларды пысықтауға ерекше назар аударылды.
Мұндай іс-шаралар қауіпсіздік саласындағы білім деңгейін арттыруға, практикалық дағдыларды қалыптастыруға, сондай-ақ мектеп оқушылары мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









