ТЖМ қызметкерлері арасында шахмат турнирі өтті

    1 / 6

    Қостанай облысында ТЖМ жүйесі қызметкерлері арасында шахмат жарысы өтіп, жеңімпаздар анықталды.

    Қостанай облысында Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне ведомстволық бағынысты мекемелердің қызметкерлері арасында шахматтан жарыс өтті.

    Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Рудный қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Айдос Ахметов иеленді. Екінші орын Лисаков қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының №3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі, азаматтық қорғау сержанты Самархан Мустафинге бұйырды. Үшінші орынды Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Баянхан Мыржақып иеленді.

    «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша Ұзынкөл ауданы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Алибек Қожахметов марапатталды.

    Жарыс қызметкерлердің логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық шеберлігін шыңдап, өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары