Қостанай облысы ТЖД-де қызметтік тәртіп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық сабақ өткізілді
Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Кадр және тәрбие жұмысы басқармасы мен Өзіндік қауіпсіздік тобының бірлесіп ұйымдастыруымен аумақтық бөлімшелердің бастықтарына арналған профилактикалық сабақ өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және департамент қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыру.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатысты:
* Қостанай қаласы ПБ ППБ инспекторы Махмутов Максат Жанибекович;
* Қостанай қаласы ПБ ППБ аға инспекторы Жонкабаев Серикжан Тауекельевич;
* ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Капышев Багдат Агибаевич.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау, қызметтік тәртіп, жол қозғалысы ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері талқыланды. Сондай-ақ жол-көлік оқиғаларының, жеке құрам арасындағы құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы алдағы өзгерістер түсіндірілді. Атап айтқанда, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке мүдделерді декларациялау институтын енгізу көзделіп отырғаны айтылды. Қатысушыларға декларацияны толтыру талаптары, оны тапсыруға міндетті тұлғалар санаты, мерзімі мен тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар декларацияны ұсынбағаны немесе уақытылы тапсырмағаны үшін көзделген тәртіптік жауапкершілік туралы ақпарат берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








