ҚОСТАНАЙЛЫҚ СПОРТШЫЛАР — ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІКТЕРІ ҚАТАРЫНДА!

    4–7 қараша аралығында Баку қаласында (Әзербайжан) әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша XII әлем чемпионаты өтті.

    Қазақстан әйелдер құрамасы «Жауынгерлік қанат жаю» сайысында қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте құрметті үшінші орынға ие болды.

    Ұлттық құрама сапында еліміздің намысын Қостанай облысының өкілдері — Айдана Байтикова мен Анастасия Жидонис қорғады.

    Бұл жетістік спортшыларымыздың жоғары шеберлігін, табандылығы мен кәсібилігін айқын көрсетті.

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті спортшыларымыздың жетістігін мақтан тұтады және алдағы жарыстарда жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейді!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары