Азаматтық қорғау жүйесіндегі үздік маман министрліктің алғыс хатымен марапатталды

    1 / 6

    Адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және азаматтық қорғау жүйесінде цифрлық технологияларды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Фёдор Сергеевич Красота Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Алғыс хатына ие болды.

    Марапат маманның адал еңбегі, жоғары кәсібилігі, азаматтық қорғау жүйесін цифрлық трансформациялауға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, маңызды жобаларды іске асыруға және заманауи ақпараттық технологияларды енгізуге қосқан елеулі үлесі үшін табысталды.

    Әріптесімізді лайықты марапатымен құттықтап, алдағы қызметіне толағай табыс тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары