Қостанай облысында саяжай алқаптарында өрт қауіпсіздігі бойынша ауқымды рейдтер жалғасуда

    1 / 6

    Қостанай облысының ТЖД полиция қызметкерлерімен бірлесіп, өрттің алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында саяжай алқаптарында рейдтер жүргізуде.

    Өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі аясында Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, облыс аумағындағы саяжай алқаптарында ауқымды рейдтік іс-шаралар жүргізуде.

    Профилактикалық аралау барысында 250-ден астам саяжай үйі қамтылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді және 1 500-ден астам тұрғынға нұсқама берілді.

    Ерекше назар жағдайы қанағаттанарлықсыз үйлерде тұратын отбасыларға, сондай-ақ балалары бар отбасыларға аударылды. Қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында осындай үйлерге көміртегі тотығын анықтайтын 100-ден астам автономды датчик орнатылды. Бұл құрылғылар газдың қауіпті концентрациясын дер кезінде анықтап, қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары