«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» акциясы аясында ТЖД қызметкерлері мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілеріне «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен іс-шара өткізді.
«Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясының «Қауіпсіз балалық шақ» ұранымен өткен төртінші күні Қостанай облысы ТЖД қызметкерлері өңірдегі мектепке дейінгі ұйымдардың біріне барды.
Тәрбиеленушілерге қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға және өрт қауіпсіздігі ережелерін үйретуге бағытталған профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Балаларға түсінікті әрі қызықты ойын түрінде, аниматорлардың қатысуымен танымдық байқаулар мен ойындар өткізілді. Балаларға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріліп, өрт шыққан жағдайда қалай әрекет ету керектігі айтылды және қауіпсіз эвакуациялау тәртібі көрсетілді. Іс-шараның практикалық бөлімі тәрбиеленушілерге алған білімдерін бекітуге мүмкіндік берді.
Мұндай профилактикалық іс-шаралар өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және балаларды ерте жастан бастап төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларына үйретуге ықпал етеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









