Қостанайда жұқа мұздағы адамдардың қаза болуын болдырмау бойынша рейдтер жалғасуда

    1 / 6

    Рейдтердің екінші кезеңі аясында Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері су айдындарында профилактикалық іс-шаралар өткізіп, тұрғындарға қатпаған мұзға шығудың қауіпті екенін ескертуде.

    Қостанай қаласында күзгі-қысқы кезеңде жазатайым оқиғалар мен адамдардың қаза болуын болдырмауға бағытталған су айдындарындағы профилактикалық рейдтер жалғасуда. Іс-шараларды Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері рейдтердің екінші кезеңі аясында жүргізуде.

    Рейдтік іс-шаралар барысында мұз қату кезеңінде су айдындарына шығатын балық аулау әуесқойларына ерекше назар аударылды.

    ТЖД қызметкерлері балықшылармен және тұрғындармен мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қатпаған мұзға шығудың қауіпті екенін ескертті. Сондай-ақ құтқару құралдарын пайдалану және сақтық шараларын сақтау қажеттігін еске салды.

    Мұз қату кезеңінде мұз біркелкі қалыптаспайтыны, бір су айдынының әртүрлі бөліктеріндегі мұз қалыңдығы айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін екені ерекше атап өтілді. Сырттай берік көрінген мұздың өзі адам өміріне елеулі қауіп төндіруі мүмкін.

    Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын өз өмірлеріне қауіп төндірмеуге және жұқа әрі қатпаған мұзға шықпауға шақырады. Ата-аналар балалардың бос уақытын бақылап, олардың ересектердің қарауынсыз су айдындарының маңында болуына жол бермеуі қажет.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары