Акцияның үшінші күні қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен өрт кезіндегі іс-қимылдарға үйретуге арналған.
Қазақстанда 21 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Қауіпсіз 10 күн» ұранымен «Өрт қауіпсіздігінің онкүндігі» республикалық акциясы өтуде. Үшінші күннің тақырыбы – «Қауіпсіз өмір сүруді үйренеміз».
Мектептерде тақырыптық сабақтар, конкурстар, оқу-жаттығу эвакуациялары, өрт сөндіру-құтқару техникасының көрмелері және оқыту бейнематериалдарының көрсетілімдері ұйымдастырылуда. Өрт кезіндегі іс-қимыл тәртібін, эвакуациялау қағидаларын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Онкүндіктің алғашқы екі күнінде профилактикалық жұмыс тұрғын үй секторындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың үйлерін аралау, өрт хабарлағыштарын орнату және тексеру, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Онкүндік жалғасуда. Іс-шаралардың басты мақсаты – халықтың қауіпсіздік мәдениетін арттыру және төтенше жағдай туындаған кезде дұрыс әрекет етуге үйрету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









