1 / 7
Петропавл қаласындағы «TRUCK SERVICE KAZAKHSTAN» ЖШС аумағында өрт сөндірушілер әкімшілік ғимараттың мотор цехында шыққан шартты өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады.
Оқу-жаттығу сценарийі бойынша өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Қатысушылар адамдарды эвакуациялау, өрт барлауын жүргізу, өртті сөндіру және қалалық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау жұмыстарын пысықтады.
Оқу-жаттығуға жеке құрамнан 27 адам және 9 техника жұмылдырылды
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









