Жастарға азаматтық қорғау органдарының бөлімшелеріне одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қатарында мерзімді әскери қызметін аяқтаған жастармен кездесу өтті. Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінде әскери қызметшілерді әскери үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысты.
Департамент қызметкерлері, туыстары мен әріптестері жастарды оралуымен құттықтап, әскери борышын адал атқарғаны және қызметке жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында Азаматтық қорғаныс басқармасы мен Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының өкілдері СҚО ТЖД бөлімшелеріне одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы айтып, көкейкесті сұрақтарға жауап берді.
Жастардың бір бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД қызметкерлерінің қатарын толықтырып, азаматтық қорғау органдары жүйесінде кәсіби қызметін жалғастыру мүмкіндігін қарастыруда.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









