«Балдәурен» балабақшасында өрт қауіпсіздігі онкүндігі өтті

    1 / 10

    Петропавл қаласындағы «Балдәурен» балабақшасының базасында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша ұйымдастырылған «Өрт қауіпсіздігі онкүндігі» аясында профилактикалық іс-шара өтті.
    Құтқарушылар бүлдіршіндерге өрт қауіпсіздігі ережелері мен шұғыл қызметтердің нөмірлерін («101» және «112») түсінікті тілде еске салды. Білімді бекітуге спорттық эстафеталар көмектесті, онда мектеп жасына дейінгі балалар өздерін өрт сөндіруші ретінде сынап көрді. Сонымен қатар, қатысушыларға оқушылардың тақырыптық бейнероликтері көрсетіліп, үздік авторлар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.

    Іс-шара балаларға ерте жастан бастап төтенше жағдайларда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға көмектесті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары