Алина Гарап 70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өткен республикалық жарыстың жеңімпазы атанды.
Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілі Алина Гарап 2026 жылғы 20–21 қарашада Петропавл қаласында өткен кикбоксингтен Қазақстан кубогына қатысты. Жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері Азамат Нұрпеисовты еске алуға арналған дәстүрлі «Қызылжар» турнирі аясында ұйымдастырылды.
70 келіден жоғары салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Алина жоғары спорттық шеберлігін, тамаша физикалық дайындығын және жеңіске деген жігерін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол бірінші орынды иеленіп, Солтүстік Қазақстан облысының намысын абыроймен қорғады.
Алинаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









