2026 жылғы 20 қарашада Сарыкөл кентінде тұрғын үй мәселелері бойынша «Бірыңғай қызмет алушы күні» өткізілді.
Іс-шара аясында тұрғындарға тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою, кезекте тұрған азаматтардың мәліметтерін өзектендіру, кезектіліктің сақталуы, есепке қоюдан бас тарту негіздері, сондай-ақ тұрғын үйге қатысты қолдау шараларын көрсету мәселелері бойынша консультациялар берілді.
Кездесу барысында мамандар тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі бойынша қажетті түсіндірмелер ұсынды.
Мұндай іс-шараларды өткізу халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы ашық диалогты нығайтуға ықпал етеді.
Ашық диалог – сіздердің игіліктеріңіз үшін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









