БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ҚҰСБЕГІСІ «САЛБҰРЫН – 2026» САЙЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

    1 / 3

    БАҚТЫ АУЫЛЫНЫҢ ҚҰСБЕГІСІ «САЛБҰРЫН – 2026» САЙЫСЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ІІІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

    Қарағанды облысы, Шет ауданы, Кеншоқы ауылының тау баурайында ата-бабамыздан аманат болып жеткен ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған «Салбурын – 2026» іс-шарасы өтті.

    Ұлттық спорт пен құсбегілік өнерді насихаттаған сайысқа Бақты ауылынан Қазбек Нұрғазы, Аманғазы Нұрберген және Бақтығали Ерік қатысты.

    Тартысты өткен құсбегілер сайысында жерлесіміз Бақтығали Еріктің бүркіті жүлделі ІІІ орынға ие болды.

    Жүлдегер Бақтығали Ерікке жеңісі құтты болсын дейміз! Ұлттық өнеріміз ұлықталып, құсбегілік дәстүріміз жалғасын таба берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Бақты ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары