Ұлтымыздың ұлы мұрасы – құсбегілік өнер мен ұлттық спортты ұлықтаған дүбірлі дода Шет ауданында өтті.
Бұл күні қыранның қомданған қанаты мен құсбегінің қырағы көзі көпшіліктің назарын өзіне аударды. Еліміздің әр өңірінен жиналған 70-тен астам спортшы бүркіт, қаршыға және ителгі баптаудан бақ сынап, өзара мықтыны анықтады.
🏆 ҚАРШЫҒА САЙЫСЫ
🥇 1-орын – Алматы қаласы, Ермұхан Баятбай
🥈 2-орын – Жамбыл облысы, Серікболсын Жалғасұлы
🥉 3-орын – Қарағанды қаласы, Серік Кәріп
🏆 ИТЕЛГІ САЙЫСЫ
🥇 1-орын – Астана қаласы, Ерлан Кенжетаев
🥈 2-орын – Қарағанды қаласы, Темірәлі Төлегенұлы
🥉 3-орын – Самал Төлегенұлы
🏆 БҮРКІТ САЙЫСЫ
🥇 1-орын – Жамбыл облысы, Серікболсын Жалғасұлы
🥈 2-орын – Астана қаласы, Ерасыл Серікбекұлы
🥉 3-орын – Ақмола облысы, Шыңғыс Уалихан
🥉 3-орын – Қарқаралы, Бақтығали Ерік
🦅 Қыран баптап, саятшылықтың салтын сақтаған саңлақтардың өнері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасар асыл мұра. Осындай тағылымды додалар ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, көнеден жеткен өнердің келешекке кемел жетуіне жол ашады.
Барлық жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз! Қырандарыңыз қиядан көрініп, мерейлеріңіз үстем болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





