«Құқықтық тәртіп»: ШҚО-да 1200-ден астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді
Шығыс Қазақстан облысында 20-22 қараша аралығында өткен республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы қорытындыланды. Үш күн бойы полицейлер қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізді.
Нәтижесінде 1210 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде:
- 266 дерек – тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру;
- 209 дерек – алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда мас күйде жүру;
- 87 дерек – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы;
- 21 дерек – ұсақ бұзақылық.
Бұдан бөлек, заңсыз сақталған 9 қару тәркіленіп, 124 азамат уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарына орналастырылды.
Жол қозғалысы қауіпсіздігі де назардан тыс қалған жоқ. Рейдтік іс-шаралар кезінде көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамдардың рөлге отыруының 24 дерегі, мас күйде көлік басқарған 20 жүргізуші және қарсы қозғалыс жолағына шыққан 11 жүргізуші анықталды.
Мұндай профилактикалық жұмыстар өңірдегі қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қауіпсіз ортаны қалыптастыруға бағытталған.
Полиция тұрғындар мен облыс қонақтарын заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









