Ақсуат ауданында Қамқоршылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті

    1 / 4

    Ақсуат ауданында Қамқоршылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға ауданның қамқоршылары қатысты. Жалпы, Абай облысында 421 бала қамқорлыққа алынған болса, 29 бала патронаттық тәрбиеге берілген.

    Іс-шараның мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына қабылдап, оларға мейірім мен жылулық сыйлап жүрген азаматтарға алғыс білдіру және отбасылық тәрбиенің маңызын насихаттау. Қамқоршы болу – үлкен жүректің, шексіз мейірім мен жауапкершіліктің белгісі. Әрбір бала отбасылық жылулықты, сүйіспеншілік пен қамқорлықты сезінуге және бақытты балалық шақты бастан өткеруге лайық. Осы мерекеге орай барша қамқоршыларға шынайы алғысымызды білдіреміз! Сіздердің мейірімдеріңіз бен жанашырлықтарыңыз балалардың жарқын болашағына жол ашады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары