Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Бөлім туралы

    Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақсуат ауданының білім бөлімі) Абай облысы Ақсуат ауданы аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады.

    1. Ақсуат ауданының білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    2. Ақсуат ауданының білім бөлімі мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
    3. Ақсуат ауданының білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
    4. Ақсуат ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
    5. Ақсуат ауданының білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсуат ауданының білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
    6. Ақсуат ауданының білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
    7. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі, 17 үй, пошта индексі 180600.
    8. Осы Ережесі Ақсуат ауданының білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.
    9. Ақсуат ауданының білім бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
    10. Ақсуат ауданының білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ақсуат ауданының білім бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    5 қазан – Ұстаздар күні!

    Құрметті ұстаздар, ардақты әріптестер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаз – ұрпаққа білім беріп қана қоймай, оның бойында адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастырып, болашағына бағыт-бағдар беретін қадірлі маман. Сіздердің шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз бен ізденістеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз бен жауапкершіліктеріңіз – ел болашағына қосылған зор үлес. Әр шәкірттің жетістігі – сіздердің маңдай терлеріңіз бен тынымсыз еңбектеріңіздің жемісі. Осы жауапты да абыройлы қызметтеріңізге табыс, шығармашылық ізденіс пен кәсіби биіктерге жетулеріңізді тілеймін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін! Ұстаздық жолдарыңызда әрдайым абырой биігінен көрініп, шәкірттеріңіздің жетістіктері мен алғысына бөлене беріңіздер! Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар! Құрметпен, Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы

    5 қазан 2026 ж.Тікелей
    Ақсуат ауылы мәдениет үйі
    ОтырысАяқталды

    1 қазан – Халықаралық қарттар күні

    Құрметті ардагер ұстаздар, қадірлі қариялар! Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер – халқымыздың баға жетпес қазынасы, рухани құндылықтарымыздың сақтаушылары, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін ақыл-ой мен өмірлік тәжірибенің қайнар көзісіздер. Әсіресе, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесі мен білім беру саласына арнаған ардагер ұстаздардың еңбегі айрықша құрметке лайық. Сіздердің ел дамуына қосқан үлестеріңіз, еселі еңбектеріңіз бен өнегелі өмір жолдарыңыз – бүгінгі ұрпақ үшін үлкен тағылым. Ақыл-кеңестеріңіз бен ақ баталарыңыз әрдайым кейінгі буынға рухани демеу болып, ізгілік пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп келеді. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін. Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, әрдайым сый-құрметке бөленіп, мерейлеріңіз үстем болсын! Әр шаңыраққа шаттық пен жылулық, жүректеріңізге қуаныш пен тыныштық орнасын! Халықаралық қарттар күні құтты болсын! Құрметпен, Ақсуат ауданы білім бөлімінің басшысы А. Қыдырмолдин #Адал_азамат_Абай_облысы_Ақсуат #АПҚО_Абай_облысы_Ақсуат #Ұлттық_сезім_Абай_облысы #Балаларкітапханасы_Абай_облысы_Ақсуат #Бірлікжәнеынтымақжобасы_Абай_облысы_Ақсуат

    1 қазан 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге және толағай табыстарға толы болсын! Әр шәкірттің білімге деген құштарлығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті болсын! 📚✨

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    📚 С ДНЁМ ЗНАНИЙ!
    ОтырысАяқталды

    27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

    Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз! Бірге жақсылық жасап, балаларға қуаныш сыйлайық!

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    «Нұр-Ақсуат» базары
    ОтырысАяқталды

    Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Құрметті балалар және ата-аналар! Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын! Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз қабілетін жан-жақты дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бұл мереке – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегін қалыптастыратын азаматтар. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы тәрбие мен білім беру – қоғам алдындағы жауапты міндет. Осынау мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, оқуда табыс, биік белестер мен асқақ армандардың орындалуын тілеймін. Балалардың болашағы жарқын, өмір жолы нұрлы, келешегі кемел болсын! Ізгі тілекпен, Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    Ақпарат

    БІЛІМ САПАСЫ – ЕСЕПТЕГІ КӨРСЕТКІШ ЕМЕС, БАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫ

    БІЛІМ САПАСЫ – ЕСЕПТЕГІ КӨРСЕТКІШ ЕМЕС, БАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫ 2026–2027 оқу жылынан бастап еліміздің білім беру жүйесінде жаңартылған мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты кезең-кезеңімен енгізіле бастады. Жаңа талаптар Ақсуат ауданының білім беру ұйымдарында қалай жүзеге асырылуда? Білім сапасын арттыру, тәрбие беру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, инклюзивті орта қалыптастыру және жасанды интеллектіні қолдану бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Осы және өзге де өзекті мәселелер жөнінде Абай облысы Ақсуат аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы ҚЫДЫРМОЛДИНМЕН сұхбат.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-не педагогтер қажет!

    📢 "К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-не педагогтер қажет! Толық ақпаратты сипаттамадан қараңыздар. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.09.2026 – 21.09.2026.

    Жарияланды:
    Нұсқаулық

    «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі бойынша

    «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі бойынша нұсқаулық Құрметті әріптестер! Білім беру ұйымдарындағы педагогтердің бос және уақытша бос лауазымдары бұдан былай «Педагогті жұмысқа қабылдау» жүйесі арқылы жарияланады. 🔗 Жүйенің мекенжайы: https://hr.nobd.edu.kz Осы чатқа жүйеде жұмыс істеуге арналған толық нұсқаулықтар жіберіледі. Нұсқаулықтарда: жүйеге тіркелу және кіру тәртібі; іс жүргізушінің бос жұмыс орнын жүйеге енгізуі; вакансияны жариялау және өтінімдерді қабылдау; педагогтің бос лауазымды іздеуі және конкурсқа өтінім беруі; қажетті құжаттарды жүйеге жүктеу; комиссия мүшелерінің үміткерлердің құжаттарын қабылдауы және қарауы; конкурсты өткізу және оның нәтижесін рәсімдеу; жүйеде жұмыс істеудің өзге де кезеңдері толық көрсетіледі. Білім беру ұйымдарының іс жүргізушілерінен және комиссия мүшелерінен нұсқаулықтармен мұқият танысып, жүйеде жұмыс істеу тәртібін алдын ала меңгерулерін сұраймыз. Сонымен қатар, келесі аптада аталған жүйе бойынша арнайы семинар өткізіледі. Семинар барысында бос жұмыс орнын жариялау, педагогтердің өтінімдерін қабылдау, комиссия жұмысын ұйымдастыру және жүйені пайдалану тәртібі кезең-кезеңімен түсіндіріліп, туындаған сұрақтарға жауап беріледі.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі" КММ-не әлеуметтік педагог қажет

    К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебіне әлеуметтік педагог қажетhttps://hr.nobd.edu.kz/#/social/vacancies/view/154426 Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «К. Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі» КММ әлеуметтік педагог лауазымына маман қабылдайды. Жұмыс шарттары Ресми жалақы: 160 000–175 000 теңге Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыс күні Оқыту тілі: қазақ тілі Апталық жұмыс уақыты: 40 сағат Білімі: жоғары педагогикалық немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім Негізгі міндеттері Әлеуметтік педагог білім алушылардың әлеуметтік жағдайын, қажеттіліктері мен жеке ерекшеліктерін зерделейді. Қиын жағдайға тап болған балаларды анықтап, оларға қажетті әлеуметтік-педагогикалық көмек пен қолдау көрсетеді. Сонымен қатар: білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді; оқушы, ата-ана, мектеп және тиісті мемлекеттік мекемелер арасында байланыс орнатады; отбасылық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектеседі; білім алушылардың мінез-құлқындағы өзгерістер мен жанжалды жағдайлардың алдын алу жұмыстарын жүргізеді; әлеуметтік қызметтермен, ведомстволармен және әкімшілік органдармен бірлесіп жұмыс атқарады. Үміткерге қойылатын талаптар Үміткердің жоғары педагогикалық білімі, «Әлеуметтік педагог» бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжаты болуы қажет. Бастапқы деңгейдегі мамандарға еңбек өтілі бойынша талап қойылмайды. Біліктілік санаты болған жағдайда әлеуметтік педагог лауазымындағы жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог-сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – кемінде 5 жыл болуы тиіс. Құжаттарды қабылдау мерзімі Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 7 қыркүйекте басталып, 2026 жылғы 16 қыркүйекте аяқталады. Байланыс ақпараты Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, С. Мұқанов көшесі, 20Электрондық пошта: [email protected]Байланыс телефоны: +7 705 276 41 16

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне математика мұғалімі қажет

    МАТЕМАТИКА МҰҒАЛІМІ (АЛГЕБРА / ГЕОМЕТРИЯ)https://hr.nobd.edu.kz/#/social/vacancies/view/153971 Оқыту тілі: орысша ЖҰМЫС ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Ресми жалақы: 136 045 ₸-ден бастап Жұмыспен қамту түрі: толық жұмыспен қамту Оқыту тілі: орысша Білім деңгейі: жоғары (педагогикалық), техникалық және кәсіптік (педагогикалық) Сағат саны: 16 Құжаттарды тапсырудың басталу күні:04.09.2026 Құжаттарды тапсырудың аяқталу күні:15.09.2026 Міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады; білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және оларды дамытуға жәрдемдеседі; білім алушыны педагогке құрметпен қарауға тәрбиелейді, педагогтің аты мен әкесінің аты бойынша сыпайы қарым-қатынас жасауға немесе «учитель/мұғалім» деп тікелей жүгіну арқылы қарым-қатынастың іскерлік стилі мен сөйлеу этикетін сақтауға үйретеді; білім алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады; пәндер бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді (күнтізбелік-тақырыптық) жоспарлар, бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын әзірлейді; бөлім бойынша жиынтық бағалау және тоқсан бойынша жиынтық бағалау нәтижелеріне талдау жүргізеді; журналдарды (қағаз немесе электрондық) толтырады. ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ Ұйымның атауы: Абай облысы білім басқармасының Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Мекенжайы: Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Қабанбай көшесі, 26 Электрондық пошта: [email protected] Байланыс нөмірі: +7 775 131 62 68

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.

    «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды.Толық ақпарат — сипаттамада.

    Жарияланды: