Құрылым — Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы: ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдар.

    Ақсуат аудандық білім бөлімі

    Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

    Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Ақсуат ауданының білім бөлімі) Абай облысы Ақсуат ауданы аумағында білім беру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады және өз қызметінде «Абай облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесіне есеп береді және бақылауында болады. Ақсуат ауданының білім бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ақсуат ауданының білім бөлімі мекеме нысанындағы ұйымдық-құқықтық заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ тілінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. Ақсуат ауданының білім бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды. Ақсуат ауданының білім бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы. Ақсуат ауданының білім бөлімі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Ақсуат ауданының білім бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Ақсуат ауданының білім бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылы, Кабеков көшесі, 17 үй, пошта индексі 180600. Осы Ережесі Ақсуат ауданының білім бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады. Ақсуат ауданының білім бөлімінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Ақсуат ауданының білім бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Ақсуат ауданының білім бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға жасауға тыйым салынады.

    aksuat-bilim