Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Мәртебе
    Аяқталды
    Формат
    Тікелей
    Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
    ҚұттықтауАяқталды

    Құрметті балалар және ата-аналар!

    Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

    Балалар – еліміздің жарқын болашағы, халқымыздың ең қымбат қазынасы. Әрбір баланың бақытты балалық шақ кешіп, сапалы білім алып, өз қабілетін жан-жақты дамытуына қолайлы жағдай жасау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

    Бұл мереке – балаларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктің, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың маңыздылығын айшықтайтын ерекше күн. Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі ел тірегі, Тәуелсіз Қазақстанның кемел келешегін қалыптастыратын азаматтар. Сондықтан олардың жан-жақты дамуына жағдай жасап, сапалы тәрбие мен білім беру – қоғам алдындағы жауапты міндет.

    Осынау мерекеде барлық бүлдіршіндерге зор денсаулық, шаттық пен қуаныш, оқуда табыс, биік белестер мен асқақ армандардың орындалуын тілеймін.

    Балалардың болашағы жарқын, өмір жолы нұрлы, келешегі кемел болсын!

    Ізгі тілекпен,

    Ақсуат ауданының білім бөлімінің басшысы

    Амангелді Шаймұратұлы

    Жалпы орта білім беруді дамыту

    Ұқсас материалдар

    ҚұттықтауАяқталды

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! Барша ұстаздарды, оқушылар мен ата-аналарды Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 Жаңа оқу жылы жаңа мүмкіндіктерге, жарқын жетістіктерге және толағай табыстарға толы болсын! Әр шәкірттің білімге деген құштарлығы артып, ұстаздардың еңбегі жемісті болсы...

    1 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    📚 БІЛІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Ақсуат аудандық білім бөлімі
    ХабарландыруАяқталды

    27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз!

    Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 27 тамыз күні сағат 10:00-де «Нұр-Ақсуат» базарында өтетін жалпы республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз! Бірге жақсылық жасап, балаларға қуаныш сыйлайық!

    27 тамыз 2026 ж.Тікелей
    «Нұр-Ақсуат» базарыАқсуат аудандық білім бөлімі
    ҚұттықтауАяқталды

    25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті ұстаздар, ата-аналар және мектеп бітіруші түлектер! Сіздерді 25 мамыр – «Соңғы қоңырау» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгін – мектеп қабырғасындағы балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басатын ерекше күн. Түлектер үшін бұл – білім мен тәрбиенің, еңбек пен ізденістің нәтижесін саралайтын айтулы...

    4 маусым 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Құрметті әріптестер! Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл айтулы мереке – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың, достық пен өзара сыйластықтың жарқын белгісі. Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы – Тәуелсіз Қазақстанның басты құндылығы әрі жарқын болашағының кепілі. Әр шаңырақ...

    19 мамыр 2026 ж.Тікелей
    ҚұттықтауАяқталды

    Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы

    Құрметті әріптестер! Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Жыл басы әрқайсыңызға жаңа қуаныш, шаттық және игі бастамалар әкелсін. Бұл жарқын мереке әр шаңыраққа береке, бірлік пен молшылық сыйласын. Көктемнің шуақты күндерімен бірге өмірлеріңізге тың идеялар, жаңа жетістіктер және шығ...

    ҚұттықтауАяқталды

    Жаңа жыл

    Құрметті Ақсуат ауданының тұрғындары! Сіздерді келе жатқан 2026 жаңа жылмен құттықтаймын! Жаңа жыл әрқашан үміт пен, жаңа жақсы мүмкіндіктер уақыты. Біз өткен жылды қорытындылай келе, барлық маңызды оқиғаларды ризашылықпен еске аламыз және болашаққа сеніммен қараймыз, жоспарлар құрып, алдымызға жаңа мақсаттар қоямыз....

    30 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    ХабарландыруАяқталды

    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды

    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» акциясы Ақсуат ауданында басталды Абай облысы, Ақсуат ауданында «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-қимыл» атты халықаралық акция өз жұмысын бастады. Шара Ақсуат аудандық полиция бөлімі ұйымдастыруымен өткізіліп, оған әйелдер мен балалардың...

    1 желтоқсан 2025 ж.Тікелей
    КонкурсАяқталды

    «10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда!

    «10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда! Қазіргі білім кеңістігінде мұғалімнің кәсіби дамуы — сапалы білімнің басты шарты. Осы мақсатта облысымыздың педагогтерінің үздіксіз білім алуын қолдайтын ерекше оқырмандық жоба жүзеге асуда. Жобаның мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптасты...

    1 желтоқсан 2025 ж.Тікелей