🚌 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНА ЖАҢА МЕКТЕП АВТОБУСЫ БӨЛІНДІ

    1 / 7

    🚌 РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА АҚСУАТ АУДАНЫНА ЖАҢА МЕКТЕП АВТОБУСЫ БӨЛІНДІ

    Республика күні қарсаңында Абай облысының мектептеріне арналған 10 жаңа автобустың кілтін табыстау рәсімі өтті.

    Облыстық бюджет қаражаты есебінен сатып алынған 50 жаңа автобустың 10-ы биыл қала мен аудандардағы білім беру ұйымдарына беріледі. Соның ішінде Ақсуат ауданына 1 жаңа автобус бөлінді.

    Отандық өндірістегі автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, GPS жүйесімен және бейнетіркеу құрылғыларымен жабдықталған.

    Жаңа автобус ауылдық елді мекендерде тұратын оқушылардың мектепке қауіпсіз әрі қолайлы қатынауын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бұл – білім алушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қолдау! 🇰🇿

    #АқсуатАуданы #АбайОблысы #РеспубликаКүні #БілімБер

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары