ҰСТАЗ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ!

    1 / 2

    ҰСТАЗ МЕРЕЙІ – ЕЛ МЕРЕЙІ!

    «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ-нің ардақты ұстазы Оспанова Айгүл Төлегенқызын аудандық білім бөлімінің өкілдері мен мектеп ұжымы зор қуанышпен қарсы алды.

    Ұлағатты ұстазды құттықтауға арналған салтанатты іс-шара жүрекжарды лебіздерге, ақ тілектерге және ерекше құрметке толы болды.

    Іс-шара барысында аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Шаймұратұлы ұстазды мәртебелі марапатымен құттықтап, оның білім беру саласына қосқан үлесі мен көпжылдық еңбегіне жоғары баға берді.

    Мектеп директоры Ербол Қалымбекұлы да әріптесін айтулы жетістігімен құттықтап, ұстаздың өнегелі жолы мен кәсіби шеберлігі кейінгі ұрпаққа үлгі екенін атап өтті.

    Әріптестері атынан математика пәнінің мұғалімі Гүлнара Ануарбековна ақжарма тілегін арнаса, ардагер ұстаз, зейнеткер педагог Күляндә Нұрахмановна ізгі лебізін білдіріп, шашу шашты.

    Мерекелік іс-шара оқушылардың құттықтауымен және «Ұстазым» әнімен жалғасып, қатысушыларға ерекше қуаныш пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Ұстаз еңбегі – ұрпаққа өнеге, ұлт болашағына қосылған өлшеусіз үлес.

    Оспанова Айгүл Төлегенқызының «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болуы – жеке жетістігі ғана емес, мектеп ұжымының, шәкірттерінің және ауданның білім беру саласының мерейін асқақтатқан зор мәртебе.

    Ардақты ұстазымызды жоғары марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

    Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің алғысына бөленіп, әрдайым ел құрметіне ие бола беріңіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары