Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!

    1 / 5

    Бала қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!

    2026 жылғы 24 қарашада «Ы.Кабеков атындағы орта мектебі» КММ-де «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында «Құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу: ведомствоаралық әрекеттің практикалық алаңы» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

    Іс-шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер, сынып жетекшілері, құқық қорғау органдары мен тиісті мекемелердің өкілдері қатысты.

    Семинардың негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу бойынша бірлескен жұмысты жетілдіру, мамандардың өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жасау және балалар үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.

    Семинар бағдарламасы аясында тәрбие сағаттары, ашық сабақтар, ата-аналармен жұмыс жүргізу және практикалық тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды.

    Қатысушылар мектептегі профилактикалық жұмыстар, құқықтық жауапкершілік, отбасындағы зорлық-зомбылық белгілерін ерте анықтау және қажетті көмек көрсету жолдары бойынша түрлі жағдаяттарды талдап, өзара пікір алмасты.

    Сонымен қатар көшбасшылық қабілеттерді дамытуға бағытталған дебаттар, ұлттық және спорттық ойындар өткізілді.

    Семинар қорытындысында бала құқықтарын қорғау, мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту және мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсынымдар ұсынылды.

    Әр баланың қауіпсіз әрі бақытты өмір сүруі – баршамызға ортақ міндет!

    #ЗорлықЗомбылыққаҚарсы16Күн #БалаҚауіпсіздігі #ЗорлықЗомбылыққаЖолЖоқ #АудандықСеминар #ЫКабековМектебі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысы білім басқармасының «Ақсуат ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары