БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

    1 / 13

    2026 жылғы 26 қарашада Байғанин ауданының әкімі Айбек Купенов тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау мақсатында азаматтарды жеке қабылдады.

    🔹Бір жарым сағатқа созылған қабылдауда 11 азамат өздерін толғандырған мәселелерін көтерді. Атап айтқанда, тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайларға қатысты мәселелер қозғалды.

    🔹Аудан әкімі әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдап, тиісті сала басшыларына көтерілген мәселелерді жан-жақты зерделеп, қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдарын қарастыру бойынша нақты тапсырмалар берді.

    🔹Қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелердің шешілу барысы аудан әкімінің бақылауында болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары