Бүгін Байғанин ауданының әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның жоспарлы отырысы өтті.
🔹Комиссия отырысында күн тәртібіне сәйкес 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, апатты және тозығы жеткен ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйі, комиссияның бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы талқыланды.
🔹Сондай-ақ 2026–2027 жылдардың қысқы кезеңіне республикалық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының дайындығы, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және 2026 жылғы су тасқыны кезеңінің қорытындысы негізінде 2027 жылы атқарылатын инженерлік жұмыстарды жоспарлау мәселелері қаралды.
🔹Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты сала басшылары атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндады.
🔹Жиын қорытындысында аудан әкімі азаматтық қорғау қызметтерінің, тиісті мекемелер мен ұйымдардың басшыларына және ауылдық округ әкімдеріне төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін сақтау, қысқы кезеңде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ су тасқынының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









