ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕРДЕ КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

    1 / 10

    Бүгін аудан әкімі Айбек Купеновтің төрағалығымен ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларының қатысуымен кезекті жиын өтті.

    🔹 Жиында ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында халықпен өткізілген кездесулер барысында көтерілген өзекті мәселелердің орындалу барысы қаралды.

    🔹 Атап айтқанда, ауылішілік жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, елді мекендерді газбен қамту мәселелері талқыланды. Жауапты басшылар атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.

    🔹 Сонымен қатар қысқы маусымға дайындық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Аудан әкімі мал азығы қорының жеткіліктілігін, тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің қауіпсіздігін және елді мекендердің қысқы кезеңге дайындығын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

    🔹 Жиын қорытындысында аудан басшысы халық көтерген мәселелердің уақытылы шешілуін қамтамасыз етуді, жоспарланған жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды ауылдық округ әкімдері мен жауапты бөлім басшыларына міндеттеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары