БАЙҒАНИН АУДАНЫНЫҢ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНА ДИРЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    1 / 2

    2026 жылғы 13 қарашадан бастап Спанов Әділбек Қуанышұлы Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығының «Байғанин ауданының мансап орталығы» филиалының директоры лауазымына тағайындалды.

    🔹Спанов Әділбек Қуанышұлы 1979 жылы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылында дүниеге келген.

    Білімі – жоғары.

    🔹2001 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау университетін «Мұнай және газ кенорындарын игеру» мамандығы бойынша, 2025 жылы С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    🔹Еңбек жолын 2001 жылы Маңғыстау облысындағы Қаламқас кен орнында «Oil Services Company» ЖШС-де оператор болып бастаған. Кейін аталған серіктестікте шебер қызметін атқарған.

    🔹2008–2016 жылдары Ақтау қаласындағы «М-Дрилинг» ЖШС-де техникалық қауіпсіздік инженері, «Асфальт жолдары» ЖШС-де құрылыс учаскесінің басшысы лауазымдарында жұмыс істеген.

    🔹2018–2023 жылдары Байғанин ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында ассистент қызметін атқарған.

    🔹2023 жылдан бастап Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығының «Байғанин ауданының мансап орталығы» филиалында маман болып жұмыс істеген.

    🔹Әділбек Қуанышұлы «Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысы бойынша еңбек мобильдігі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тиісті бұйрығына сәйкес аталған лауазымға тағайындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Байғанин ауданының әкімдігі" жаңалықтары