ШҚО полициясы әдеттен тыс жағдайларда әрекет ету тәжірибесін пысықтауда
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қызметкерлердің күрделі әрі стандарттан тыс жағдайларда әрекет етуге бағытталған практикалық даярлығы күшейтілді.
Арнайы және кәсіби даярлық басқармасы Департамент аппараты мен аумақтық бөліністердің қызметкерлері үшін арнайы сабақтар ұйымдастырды. Оқу-жаттығу жиыны залда офлайн форматта өтіп, аудандық және қалалық полиция бөлімдері бейнебайланыс арқылы қосылды.
Қатысушылар даулы жағдайлар мен түрлі арандатуға ден қоюдың құқықтық нормалары мен қызметтік алгоритмдерін талдап, кейін оларды тәжірибе жүзінде бекітті. Атап айтқанда, арнайы үлгіленген сценарийлер аясында құқық бұзушыны ұстау, қауіптің бетін қайтару және қару қолдану қаупі төнген кездегі іс-қимыл тәсілдері пысықталды.
Сабақ қорытындысы бойынша қызметкерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдылары тексерілді.
Бұл жұмыс жеке құрамның кәсіби даярлығын арттыруға, заңсыз әрекеттердің алдын алуға және қызметтік міндеттерді атқару барысында «Заң мен тәртіп» қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға бағытталған.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









