Солтүстік Қазақстан облысында мүгедектігі бар балалар үй жағдайында оңалту қызметін ала алады

    1 / 4

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «QH – балаларды үй жағдайында оңалту» жобасының ауқымын кеңейтуді жалғастыруда.

    2026 жылды ң 20 қараша сы Петропавл қаласында Әлеуметтік қорғау саласын дамыту ұлттық ғылыми орталығының облыстық филиалы ашылды. Мұнда мүгедектігі бар балаларға үй жағдайында оңалту шараларынан өтуге, ал ата-аналарына мамандардан қажетті қолдау мен кеңес алуға көмек көрсетіледі.

    Солтүстік Қазақстан облысында тірек-қимыл аппараты бұзылған 497 бала тұрады. Мұндай отбасылардың көбі облыс орталықтарынан шалғай орналасқан ауылдар мен елді мекендерде тұрады. Сондықтан баланы оңалту сабақтарына тұрақты түрде апару оңай емес. Үй жағдайында оңалту осы мәселені шешіп, баланың күнделікті өмірінен ажырамай, өзіне үйреншікті ортада жаттығуына мүмкіндік береді. Ал мамандар отбасымен үнемі байланыста болып, қажетті қолдау көрсетеді. Әр баламен жұмыс алдымен оның жеке мүмкіндіктерін бағалаудан басталады. Филиал мамандары ата-аналармен бірге баланың қимыл-қозғалыс қабілетін және үйдегі жағдайды зерделеп, оңалтудың жеке мақсаттарын айқындайды. Баланың қажеттілігіне қарай көпфункционалды кресло-арбалар, вертикализаторлар немесе жүріп-тұруға арналған құралдар таңдалады. Бұл жабдықтар уақытша өтеусіз пайдалануға беріледі. Алдымен мамандар оларды баланың бойына және қажеттілігіне сай бейімдеп, реттейді. Сонымен қатар ата-аналар жабдықтарды қауіпсіз пайдалану бойынша тәжірибелік оқудан өтеді. Құралдар берілгеннен кейін де мамандар отбасына кеңес беріп, баланың күнделікті белсенділігін бақылап отырады.

    - Біз үшін ең бастысы – баланың күнделікті өміріндегі оң өзгерістерді көру. Мысалы, ерекше қажеттілігі бала ойын кезінде бұрынғыдан ұзағырақ отыруы, бір нәрсеге сүйеніп нық тұруы немесе ересектердің көмегін аз қажет етіп, өздігінен қозғала бастауы мүмкін. Мұндай сәттерді ата-аналармен бірге белгілеп, нәтижесін оңалтудың цифрлық күнделігінде бақылап отырамыз. Енді шалғай ауылдарда тұратын отбасылар да баласын жолға әурелемей, үйде күн сайын жаттықтыра алады, – дейді Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры Аягөз Сейтзадина.

    Ата-аналар, балалар мен мамандар оңалтудың барлық кезеңінде FSM Social ақпараттық жүйесі арқылы өзара байланыста болады. Жүйе ақпарат алмасуды және оңалту барысын цифрлық форматта сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

    Жоба өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеді. Қазіргі уақытта ол Павлодар, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында, Абай облысында және Шымкент қаласында жүзеге асырылуда. Осы уақытқа дейін жобаға 691 бала қатысты. Оның 430-ы оңалту курсын аяқтаса, 259 бала жаттығуларын жалғастыруда. Мамандар балалардың функционалдық дағдыларында 550 оң өзгерісті тіркеген. Жоба қорында балаларға арналған 421 жеке оңалтудың техникалық құралы бар.

    Жаңа өңірлерде де жобаның нәтижесі оң динамика байқалған балалар саны мен тіркелген жетістіктер негізінде бағаланатын болады. Бұл деректер әр облыста қандай оңалту құралдарына сұраныс жоғары екенін анықтауға және аудандардағы отбасыларды сүйемелдеу жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Жабдықтар «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры мен Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығының қолдауымен сатып алынды. Солтүстік Қазақстан облысында жабдықтарды сатып алуға жергілікті атқарушы органдар да атсалысты.

    Жоба Қазақстан Республикасында 2025–2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары аясында жүзеге асырылуда

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары